Доллар тағы да арзандады

Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
11.05.2023 11:00
919
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 441- 447 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441 – 445 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 444 – 447,5 теңге аралығында құбылып тұр.
10 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,99 теңгеге төмендеп, 444, 10 теңге болған. Ұлттық банктің 11 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 444, 16 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,82 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,7 – 5,9 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,6 - 5,75 теңгеден сатылуда.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Асылбек Боранбаев алғаш рет әйелі туралы құпияны ашты
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды