Доллар мен рубльдің бағасы қайта өсті

Фото: © iStock
Фото: © iStock
24.04.2023 10:40
778
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 24 сәуірге арналған бағамын белгіледі деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 457, 68 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 5,68 теңге.
Салыстырмалы түрде 21 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,62 теңгеге төмендеп, 457,43 теңге болған. Ал, рубль 5,60 теңгені құрады.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,5 – 453,5 теңгеден сатылуда. Ал, Алматыда доллар 450– 454 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рублді 5,45 – 5,65 теңгеге сатып алуға болады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ассамблея төрағасының екі жаңа орынбасары тағайындалды