Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қымбаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес доллар 9,65 теңгеге қымбаттап, 456, 66 теңге болды. Ұлттық банктің 13 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445, 98 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,87 теңге.
Қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 455 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 459 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 454 теңгеден болса, сатып алу құны – 457 теңге. Ресей рублі 5,75 - 5, 05 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінеді