Жаңалықтар

Доллар бағамы төмендеді

Доллар бағамы төмендеді
Фото: 7kun.kz 15.02.2023 20:32 1026

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кешкі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3, 49 теңгеге төмендеп, 1 доллар 447,28 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 15 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 451,17 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 448 теңге, сатып алу – 452 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447 теңгеден болса, сатып алу – 449,5

Алматыда Ресей рублі 5,9 – 6,15 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 6,95 - 6,02 теңгеден сатылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға