Доллар бағамы айтарлықтай төмендеді
Қазақстан қор биржасында доллар арзандады
Фото: 7kun.kz
Фото: 7kun.kz
11.11.2022 19:41
2240
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды El.kz
Кешкі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы тағы 6,78 теңгеге төмендеп, 1 доллар 461, 95 теңге болды. Ұлттық банктің 11 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 469, 42 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 468 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,5 теңгеден болса, сатып алу – 466. Ал, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,64 теңгеге дейін көтерілді. Ресей рублі 7,22- 7,42 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға көмек тағайындалады
Келесі жаңалық
«Электр энергиясы – өміріміздің ажырамас бөлігі»