Жаңалықтар

Дмитрий Карпов жеңіл атлеттердің Олимпиадаға дайындығы жайлы айтты

Дмитрий Карпов жеңіл атлеттердің Олимпиадаға дайындығы жайлы айтты
Фото: ҚР ҰОК 16.07.2024 15:42 703

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының бас бапкері Дмитрий  Карпов спортшылардың Париж Олимпиадасына дайындығы туралы қысқаша баяндады. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Жазғы ойындар алдындағы соңғы жаттығу жиынын қазақстандық атлеттер Алматы облысында өткізіп жатыр. Олимпиадалық даярлау орталығының базасында толыққанды жаттығуға барлық жағдай жасалған. 

Спотшылармен бірге жаттықтырушылар, физиотерапевт пен дәрігер де жиынға қатысуда. Сондай-ақ, атлеттер қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілді. Жаттығу әр бапкердің жеке жоспары бойынша ұйымдастырылуда.

Біздің команда Парижге 29 шілде күні Алматыдан ұшып кетеді. Олимпиададағы басты мақсатымыз – жақсы нәтиже көрсетіп, жарыстың финалына шығуға және жүлде алуға ұмтылу, - деді Карпов.

Айта кетелік, 2024 жылғы Париж Олимпиадасына жеті қазақстандық жеңіл атлет жолдама алды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға