Жаңалықтар

Дизель отынына сараланған бағаларды көздейтін бұйрық жобасы әзірленді – министр

Дизель отынына сараланған бағаларды көздейтін бұйрық жобасы әзірленді – министр
Фото: egemen.kz 03.08.2022 12:55 1504

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындыларына сәйкес Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау бойынша ақпаратпен таныстырып, халықтың табысын ұлғайту бағдарламасы бойынша жартыжылдықтың қорытындыларын ұсынды,– деп хабарлайды El.kz.

Үкімет отырысы барысында министр мемлекет басшысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма бергендігін айтты.

–   Біріншіден, транзиттік көлік үшін және шекара периметрі бойынша сараланған бағалар әзірлеу арқылы дизель отынының тапшылығын болдырмау міндеті қойылды. Шекара қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасында күніне 4,4 мыңға жуық жүк көлігі кіреді, оның 70% - ы шетелдік көлік,–деді министр.

 Министрдің айтуынша республикадағы жаңар-жағармай құю станцияларында төмен бағалары орташа айлық тұтынудың шамамен 120 мың тоннаға өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта Министрлік дизель отынына сараланған бағаларды көздейтін бұйрық жобасын әзірленгенін айтты.

– Бағалар резиденттікке, тұтыну көлеміне және көлік түріне байланысты сараланады. Осы бағыттағы жұмыс мүдделі мемлекеттік органдармен және тараптармен жалғасатын болады. Екіншіден, жол битумының тапшылығын болдырмау тапсырылды,– деді министр Б.Ақшолақов.

 Министрдің айтуынша жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша Ресей Федерациясынан гудрон импортына квота 280-нен 430 мың тоннаға дейін, сондай-ақ Ақтаудағы битум зауытында битум өндірісіне ұлғайтылды. Бұл отандық битум өндірушілерге өндірісті 300 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

– Нәтижесінде жыл сайынғы жиынтық қуаты жылына 1,2-1,3 млн.тоннаны құрайтын болады, бұл жол құрылысы үшін ішкі нарықтың қажеттілігін жабуға мүмкіндік береді. Тапшылық жол-құрылыс компанияларының битумды біркелкі іріктемеуіне байланысты туындайтынын атап өткім келеді, атап айтқанда, қысқы-көктемгі кезеңде битум өндіруге өтінімдер іс жүзінде келіп түспейді, – деді министр.

Осыған байланысты Министрлік Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, қысқы және көктемгі кезеңде битум сатып алу үшін бірыңғай өнім берушіні айқындау мәселесін пысықталып жатыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға