Жаңалықтар

Дизель отыны бойынша «Жедел желі» қызметі іске қосылды

Азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қабылдайды
Дизель отыны бойынша «Жедел желі» қызметі іске қосылды
Фото: baq.kz 27.08.2022 10:44 2151

ҚР Энергетика министрлігі мен ірі АЖҚС желілері дизель отыны мәселелері бойынша азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қабылдау үшін «жедел желіні» іске қосты, деп хабарлайды El.kz

Клиенттерді қолдауға арналған жедел желі стационарлық және мобильді нөмірлер бойынша, сондай-ақ танымал мессенджерлерде қолжетімді.

Call-center:

Қалалық: +7 (7172) 78-69-55

Ұялы байланыс: +7 (708) 812-02-31

Telegram / WhatsApp: +7 (708) 812-02-31

Орталық мемлекеттік органның кері байланысының бұл түрі азаматтарға елдегі жанармай құю станцияларындағы заң бұзушылықтар туралы ҚР Энергетика министрлігіне жедел хабарлауға мүмкіндік береді.

Энергетика министрлігінің жедел желісіне оператор бекітілді, ол келіп түскен өтініштерді бақылап, талдап отырады.

Азаматтардан алынған ақпараттың дұрыстығы тексерілгеннен кейін негізсіз әрекеттер мен заң бұзушылықтардың барлық фактілері тиісті шара қолдану үшін құзыретті мемлекеттік органдарға берілетін болады.

Болжамдар мен қауесет болдыртпау үшін біз азаматтарды АЖҚС тарапынан бұзушылықтар немесе заңсыз құю фактілері туралы «жедел желіге» хабарлауға және көмек көрсетуге шақырамыз.

Сондай-ақ еліміздің ірі АЖҚС-тарындағы «жедел желілер» бойынша қосымша деректерді ұсынамыз.

Qazaq Oil және ҚазМұнайГаз

Call-center: 9911

Telegram / WhatsApp: +7 (771) 046-46-46

Instagram: azs_qazaq_oil

Sinooil

Call-center: 8-800-070-01-80

Instagram: sinooil.kz

Helios

Қолдау орталығы: 8-800-080-5444

Telegram / WhatsApp: +7 (777) 708-00-39

Instagram: helios_kz

Қалалық телефондар үшін: helios.kz/kontakty

Газпромнефть

Call-center: 8-800-080-10-08

Instagram: gazpromneft_kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға