Жаңалықтар

«Дипломмен ауылға» жобасымен 4,3 мың жас маман тұрғын үй сатып алды

«Дипломмен ауылға» жобасымен 4,3 мың жас маман тұрғын үй сатып алды
Фото: 24.kz 02.08.2022 11:15 1655

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 2021 жылы 4,3 мың жас маман тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер алды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды El.kz

«Осы жылы республикалық бюджеттен 4,3 мың маманға тұрғын үй сатып алуға 20 млрд. теңге бөлінді, 1 тамызға шаққанда 2 мың маман тұрғын үй алды», - деді министр.

Оның айтуынша, ауылдық аумақтарды дамыту бойынша жаңа шаралар қабылдау әрі оларды үйлестіру мақсатында Министрлік қазіргі таңда Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мәселесін пысықтауда.

«Тұжырымдама ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын, кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіпті дамыту бойынша, кадрлық әлеуетін арттыру, тұрғындардың Интернет желісіне қол жеткізуін ұлғайту және тағы басқалар бойынша кешенді іс-шаралар қамтитын болады», - деді министр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға