Дипломат әйелін 10 жыл бойы ұрып келген: Астана полициясы қылмыстық іс қозғады

Астана полициясы Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс бойынша сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын қазақстандық әйел БАӘ-дегі елшілікте кеңесші болып істейтін күйеуі әпкесі екеуін ұрды деп айыптаған еді.
10 жыл бойы ол мені зорлап, ұрып-соғып келеді. Тек менің емес, балаларымның да өміріне қауіп төніп тұр. Мен мемлекетімізден көмек сұраймын, - деп көмек сұраған еді дипломаттың әйелі Карина Мамаш.
Сол күні Сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл қызметкер шұғыл түрде Қазақстанға шақыртылғанын, енді оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатынын мәлімдеді.
