Дінмұхаммед Қонаевтың жеке хатшысы қайтыс болды

Фото: Әлеуметтік желіден
Фото: Әлеуметтік желіден
07.11.2023 14:18
1183
Дінмұхаммед Қонаевтың хатшысы Зинаида Жукова қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Қонаев музейі Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
Д.А.Қонаев музей ұжымы Дінмұхаммед Ахметұлының 1964-1986 жылдар аралығында жеке хатшысы болған Жукова Зинаида Петровнаның (26.03.1924-04.11.2023) жүз жасқа таяған шағында - 4 қараша күні дүниеден озғаны жайында қайғыра хабарлайды. Туыс-туғандарына қаймыға көңіл айтамыз, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
