Жаңалықтар

Дінмұхамед Қонаев Нұрсұлтан Назарбаевқа не үшін ренжіді

Дінмұхамед Қонаев Нұрсұлтан Назарбаевқа не үшін ренжіді
Фото: kunayev.kz 16.01.2024 14:30 2407

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев TALK LIKE YouTube арнасына берген сұхбатында Дінмұхамед Қонаев пен Нұрсұлтан Назарбаевтың арасындағы ренішке қатысты да мәселенің басын ашып айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жүргізушінің аттары аталған екі тұлғаның арасында реніш болғаны рас, қайсысының реніші орынды екендігі жайлы сұрағына ҰҚК-нің экс-төрағасы былай деп жауап қатты:

Димаш Ахметұлы өз өкпесін көрсеткен жоқ, бірақ іштей өкпелі еді. Зухра Шәріпқызы (Қонаевтың жары – редакция) Нұрсұлтан Әбішұлымен телефон арқылы сөйлесіп жатып, осы мәселені айтып жатқан. Димаш Ахметұлы бөлмеге кіріп келген бойда Зухра Шәріпқызы телефон тұтқасын қоя салды. Себебі Димаш Ахметұлы сөйлетпейтін. «Ол қызуқандылықпен айтып қалды, әлі жас қой» деп ақтайтын. Ол кісінің бойы қандай ұзын болса, оның өресі, сана-сезімі де сондай биік болатын. Ал Нұрсұлтан Назарбаев өкпесі туралы ашып айтпаса да, тірлігімен көрсетті. Димаш Ахметұлының көпшіліктің алдында жүргенін қаламады, - деді Шабдарбаев.

Оқи отырыңыз:

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға