Жаңалықтар

Діни экстремизм мәселелері талқыланды

2021 жылы іске асыру қорытындылары жасалды.
Діни экстремизм мәселелері талқыланды
30.07.2022 07:42 4258

ҰҚК Төрағасы Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Террорға қарсы орталығының отырысын өткізді, деп хабарлайды EL.KZ орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Консультативтік-кеңес органының жұмысына мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары қатысты.

2018 – 2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны 2021 жылы іске асыру қорытындылары жасалды. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасының «2022 – 2025 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мемлекеттік жүйесін дамыту» блогын әзірлеу сұрақтары талқыланды.

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихат жөніндегі қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар қаралды.

ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар хаттамалық шешімдер қабылданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға