Жаңалықтар

«Діни экстремизм – қоғамның тұтастығын бұзатын әрекет»

Теолог Жандәулет Сүлейменовтің діни фундаментализм және экстремизм туралы ойлары
«Діни экстремизм – қоғамның тұтастығын бұзатын әрекет»
28.06.2020 12:05 8468

Әлемдегі барлық діндер бейбітшілік, рақымдылық, әділдік секілді жоғарғы құндылықтарға негізделген. Адамзат тарихы мен мәдениеттің ажырамас бөлігі  дін екені белгілі. Дінін білген адамға тегін білген адамға, діні ешқашан жат саналмайды. Ал ислам діні – тазалық, тәртіп, адамгершіліктің бастауы мен имандылықтың белгісі болып саналады. Ол адамзатты асып-таспауға, ғылым мен білімге және ынтымақта болуға шақырады. Осы тақырыпқа орай, Нұр-Сұлтан қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы Жандәулет Сүлейменов «Діни фундаментализм және экстермизм» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Дәріс барысында теолог көптің көкейінде жүрген діни мәселелерге қатысты сұрақтар төңірегінде әңгімеледі.

«Діни экстремизм – қоғамның тұтастығын бұзатын әрекет»

Жалпы дін – бір қоғамда кездесетін құбылыс. Дін – адамның рухани қажеттілігін өтеуге болатын адамның ішкі жан-дүниесіндегі бір сенім болып табылады. Теология саласында, дінтану ғылымында «дін» деген сөзге жалпылама анықтама берген кезде қоғамдағы адамдардың ішкі сенім жүйесімен байланысқан рухани бір құбылыс ретінде сипаттайды.

– Қазіргі қоғамда да діни сенім қалыптасқан. Мәселен қазақ қоғамын алатын болсақ,өзіміздің діни сенімімізде бабаларымыз ұстанған діндері болған. Қазіргі кездегі зайырлы, құқықтық сипаттағы мемлекет ретінде адамдар мен азаматтардың дінді ұстануына еркіндік пен бостандық берілген. Қазақ қоғамының басым көпшілігі ислам дінін тұтынушы ретінде сипатталады. Дін қоғамдағы мәдени, рухани және әлеуметтік салалармен байланысты болып келеді. Өйткені дін бар жерде қоғам бар, қоғам бар жерде дін болғаннан кейін де, ол жерде діни сенімдерге сәйкес рәсімдер болады. Мәселен, кішкентай сәби дүниеге келген кезде, оған ат қою рәсімі, баланы тәрбиелеу, өсіру, үйлендіру, неке мәселесі бар. Осы секілді әрбір дінде өзіндік қойған ерекшеліктері мен ережелері болады. Бұл діннің қоғамдағы әлеуметтік, мәдени салаларға қатынасы бар екендігінің көрінісі, – деді теолог Жандәулет Сүлейменов.

«Діни экстремизм – қоғамның тұтастығын бұзатын әрекет»

Діни фундаментализм дегеніміз – қоғамда ескіден қалыптасқан жүйелерді,  ежелден қалыптасқан дінмен байланысты қағидаларға қайту. Ол қарама-қарсы тұрғыда модернизациядеген «жаңа дәуір», «жаңа даму» деген мағынаны білдіреді.

Діни фундаментализмнің қоғамға проблемалы болып шығуының себебі – модернизация, яғни оның ішінде көптеген мәселелер кіреді. Мысалы, Батыс Еуропаның ықпалы, Батыс мәдениеті немесе қоғамның дамуы деп қарауға болады. Ол дегеніміз қазіргі тілмен айтатын болсақ, қазақ қоғамында той жасау, беташар болсын қоғамдық мәдени құндылықтарға қатысты мәселелер бар. Ал осыдіни фундаментализм кейде осындай құндылықтарымызды сынайды. Ескіге қайту, біздің негізгі діни ұстанымызда мұндай ұстаным жоқ дегенді көрсетеді. Бұл –  жаңадан бір келіп жатқан модерн көзқарас. Бұл жалпы ғылыми-танымдық тұрғыда қарайтын болсақ, діни фундаментализм негізі ескі танымдық тұрғыда христиан діні саласында XVIII-XIX ғасырларда христиан дінінің протестантизм бағытында туындаған. Модернизация дегеніміз –  жаһандану, жаңа технология, нано технологиялардың дамуы деген мағынаны білдіреді. Сол секілді қоғамның дамуы әр түрлі өзгешелікті қалайды. Осындай дамушылықта болған процесстерге діни фундаменталистік көзқарастағылардың оны сынап, айыптауы мен ескі жүйеге қайту жүйесін тықпалайды. Ислам дінінде бұл мәселеге қатысты біздің дінтанушы, професссор Қайрат Затов деген ағамыз, ұстазымыз «Қазақстан Республикасындағы Мемлекет және конфессионалдық қатынастар» деген кітабында жазған. Дінтанушының еңбегінде қазіргі замандағы діни проблемаларды, халықаралық, әлемдік деңгейдегі көзқарасты мәселелерді ашып түсіндіреді. Егер осы тақырыпта ізденуші азаматтар болса, кітапты қарап оқуына болады, – деді теолог.

Ислам дініндегі фундаментализм мәселесі әлеуметтік мәселелердің барлығын қамтуға ат салысқан және қамтыған. Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап оның денсаулығына қатысты, оған шариғат бойынша азан шақырып ат қойылуы, сүндетке отырғызу, тәрбиелеу барлығын атап айтуға болады. Бұл –  исламдық көзқарас бойынша мәселе туындамағандығының белгісі болып табылады.

«Діни экстремизм – қоғамның тұтастығын бұзатын әрекет»

– Тіпті жаза тағайындау немесе неке қатынасы, некенің шарттары, адам қайтыс болғанда оны жерлеу, басқарушылық, үстемдік, хан болу, ел билеу, сұлтан болу және болыс болу барлығы қазақтың ислам дінін негізге алған. Тәуке ханның «Жеті жарғысында» да діни ойлар, мен діннен алынған жүйелерді қамтылған. Сол үшін ислам дініне қатысты дінтанушы ағамыз Затов Қайрат  өз еңбегінде: «Ислам дінінің тарихында басқарушылықта болсын, әлеуметтік болсын, мәдени бағытта көп проблема туындаған жоқ. Діни фундаментализм болатындай текетірес туындаған жоқ» деп түсіндіреді. Қазіргі заманғы діни фундаментализмнің ислам дініндегі тудырып отырған проблемасы бар. Ол экстремистік көзқарасты жүзеге асыру, дамыту бағытында діни фундаменталистік көзқарасты тықпалау. Мысалы, мемлекеттік басқару, атқарушы, заң шығару органдары бұрын шариғатта болмаған жат, қиынсыз ескілікке қайту деген қағиданы қолға алу арқылы қоғамды бөліп жару деген мәселе мәселесі туындаған. Тарих болсын, дәстүр салтымыз бен құндылықтарымыздың барлығын ысырып қою арқылы екінші жаққа құран және хадис деген мәселені қойған. Ислам шариғатының қайнар көзі, негізгі құжат  құран мен хадис болып табылады. Бірақ онда үкім беру, пәтуа шығару болмаған. Кейбір мәселелерге жауап беру модерндік көзқарас, құран мен сүнннетке сәйкеске шешім қабылдауда жоқ. Ал саяси мүддені көздейтіндер оны буквалдық тұрғыда қарайды. Құранмен сүннетке сәйкестендіре отырып, жүйе келтіру, шешім қабылдау. Исламның сенім мәселесінде өзгермейтін жүйесі мен қағидасы бар. Және де ислам дінінің атынан бүлік шығарып жүрген көбіне діни фундаментализмге әңгіме болып отырған арқау ақидалық сенімнің теріс түсіндірілуі, тұрмыстық мәселелерге қатысты шешімдердің, жауаптардың заманға сәйкес қоғамда бүлік тудыруға себеп болады, – деді теолог.

«Діни экстремизм – қоғамның тұтастығын бұзатын әрекет»

Мемлекетіміз тәуелсіздік алып, егеменді ел болып, еңсені тіктегеннен кейін діни мешіттеріміз, медреселеріміз жұмыс істей бастады. Одан кейін діни саладағы мамандар тартылып, бар мүмкіншілікпен діни қызметтер жасалынды. Басқа да діни бірлестіктердің Қазақстанда жұмыс істеуіне еркіндік берілді. Қаншама діни бірлестіктер тіркелді. Әдебиетіміз, салтымыз, мәдениетіміз және рухани бағытта жұмыстар жүргізіліп мемлекет тарпынан демеушілік көрсетілді.

– Діни идеологиялардың қоғамда бөлінуге, отбасын бұзуға апаратын, айыптау, үйленсе той жасамау кезіңінен біздің қоғам өтті. Бұл мәселе қазір де жоқ емес. Қоғам бұған саналы тұрғыда қарай отырып, агрессивтік қоғам екенін түсіндіріп отыр. Әлемде діни мәселердің туындауы кейбір идеологиялардың әсерінен ислам дінін жек көруші ретінде танытқысы келетін астыртын әлемде саяси жұмыстар да жүріп жатыр. Арты экрстермистік көзқарасқа ұшырады. Мысалы, Түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан жастар дінмен байланысты қылмысқа барып, ескіге қайту керек деген сөздерді түсінбей, радикалды ұстанымда болып, барлығы құрбан болды. Олар бұл бағыттағы әркетін дұрыс деп санады. Бірақ саналы тұрғыда емес. Адамның сезімге, ашуға берілуімен басқа қоғамнан алған соққысынан әсерінен туындады,– деді кейіпкеріміз.

Қазақстан Мұсылмандар Діни басқарамасының исламдық тұрғыда насихаттары немесе көзқарастары діни фундаменталистік бағыттағы топтардың жақтаушыларының көзқарастарымен сәйкес келмей жатады. Құқықтық тұрғыда ол басқа мәселе болып табылады. Бірақ біз Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы ұстанған бағытты айыптап, діни алауыздықты қоздырып, әрекет жасау заң бұзушылыққа әкеліп соқтыратындығын түсінуіміз керек.

– Бүгінде діндар болған, сыртқы күштерді идеологияның құрбаны болып кеткен азаматтарымыз жоқ емес. Бұл тұрғыда экстремистік мәселені Нұр-Сұлтан қаласындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығы діни көзқарасты ұстанып, құқық бұзушылыққа дейін барудың алдын алуға бағытында жұмыстар жүргізіп келеді. Діни экстеримистік ұйымдар қоғамда әрдайым экстремизм сыңар жақты қозқарас деп, өзінің көзқарасын дұрыс деп санап қоғамды қалыптасқан көзқарастарды айыптау болып табылады. Діни экстремизм діни норма, ұстаным көзқарасты айыптау арқылы қоғамды қарсы қою құқық бұзушылық шеңберінен асады. Мәселен 2016 жылы Ақтөбе қаласында маусым айында орын алған террористік акт. Бір топ діндар деген азаматтар терористік, ланкестік әрекетке қарсы келу өрескел актіге барды. Барлығы құрбан болушылар. Сол кезде елбасымыз арнайы жиында бұл оқиғаны ұйымдастырушылар мен жүзеге асырушы топтарға қатысты пікірін білдірген болатын. Бұл жағдай біраз уақыт қоғамда резонанс тудырды. Содан кейін көптеген елдерде алдын алу тұрғысында жұмыстар да жүргізіліп, бағдарламалар қабылданған болатын. Жалпы діни экстремизм қоғамдағы қауіпті вирус. Әрдайым емдеп отыруымыз керек. Адамның бойында иммунитеттік вирус қалыптастыруымыз қажет. Егер біз қалыптастыра алмасақ, қабілетіміз болмаса, ол бізді жұтып қояды, – деді теолог.

Біз діни құндылықтар туралы білмейінше, халықтың мәдени тұтастығын қалыптастыруда құндылықтар рөлін анықтай алмаймыз. Себебі діни құндылықтар – ұлт үшін немесе жеке адам үшін қасиетті сенімдер жүйесі болып табылады. Дін – бүгінгі күні жалпы адамзат өркениеті мен мәдениетінің дамуына үлкен әсер етіп отырған әлеуметтік феномен деп айтуға толық негіз бар. Біздің еліміздің ерекшелігі көпэтностық, көптілді және көпконфессионалды болғандықтан, бүкіл посткеңестік кеңістікте сияқты, исламмен қатар басқа діндер де жаңғырып, дамып отырады.

– Дін деген кезде Абайдың, Шәкәрімнің философиялық көзқарастың жұрнағы екенімізді, Отанды, жерді сүйетін, дінін бекем түсінген халықтың ұрпағы екенімізді ұмытпауымыз керек. Біз дінін жақсы алып жүре алған уақытта өмір сүріп жатырмыз. Қазақ қоғамында мұсылман дінін ұстанушылар жоғары деңгейді көрсетіп отыр. Діниэкстремистік ұйымдардан сақтануымыз керек. Тек ислам діні ғана емес, ол басқа діндерге де қатысты айтылады. Еуропада христиандық бағыттарды айтуымызға болады. Ислам дінінңң атын жамылған діни экстремистік ұйымдардан, радикалдық агресивті топтардан алыс болуымыз керек. Діниэкстеримизм белгілі бір дінге байланып қалған құбылыс емес. Сол дінді пайдаланып кете барады. Мысалы, сіз мезгілге байланысты киіміңізді ауыстырасыз. Күн ысыса, жеңіл, күн салқындаса, қалың киінесіз. Бұл  – денсаулығыңызды күту. Сіздің асыл мақсатыңыз киімді кию арқылы денсаулығыңызды сақтау болып саналады. Осы мысал секілді діни экстермизмде қай діннің қажеттілігі бар, сол дінді қосып пайдаланып отырады. Осыны ұғынуымыз қажет, – деді Жандәулет Сүлейменов.

Діни экстремизм қоғамның тұтастығын бұзатын әрекет екенін түсінуіміз керек. Ел ішінде алауыздық тудыруды, жек көрушілік пен дінді саясаттандыруды көздеп, сол арқылы қоғамға кері әсерін тигізетін құбылыстан мейлінше алыс болайық!

 

Бөлісу:
(Суреттер: yandex.kz сайтынан алынды) Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға