Жаңалықтар

"Діни ағымдардың ақ-қарасын ажырата алмайды". Бас мүфти жастарға ескерту жасады

"Діни ағымдардың ақ-қарасын ажырата алмайды". Бас мүфти жастарға ескерту жасады
Фото: ҚМДБ 22.09.2023 16:00 884

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы  Шымкент қаласында жастармен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жастар ресурстық орталығында "Деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеттерінен сақтандыру" тақырыбында өткен форумда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жастарға дұрыс ақпарат берілу керек екенін айтты.

Өкінішке қарай, бүгінде Ислам атын жамылған діни ағымдар пайда болды. Ақпараттық ашық заманда кейбір жастарымыз діни ағымдардың ақ-қарасын ажырата алмай, олардың идеологиясына еріп кетуі мүмкін. Осы ретте діни мәселеге, діни ағымдарға қатысты сұрақтар туындаса, Діни басқарма жанындағы Діни оңалту бөлімінің мамандарына, жалпы мешіт имамдарына хабарласуларыңызды сұраймын. Бұдан бөлек Діни басқарма жанында тәулік бойы жұмыс істейтін діни ақпарат беру орталығы бар. Кез-келген уақытта хабарласып, жауап аласыз. Мүфтият жастарды жат ағымдардың теріс идеологиялық ықпалынан сақтандыруға бар күшін салады, - деді. 

ҚМДБ Төрағасы сонымен қатар жастарды жастық шақты білім алуға, ата-ананы, ұстазды қадірлеуге, жақсы істерге арнауға, Отанға қызмет етуге шақырды. Сонымен қатар салт пен дәстүрімізге құрмет көрсетуге үндеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға