Жаңалықтар

Димаштың тыңдармандары Германияда бас қосты

Димаштың тыңдармандары Германияда бас қосты
Фото: Видеодан кадр 24.11.2024 22:08 364

Германияның Дюссельдорф қаласы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің үлкен бас қосу алаңына айналды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген тыңдармандар, өнерпаздың концертін тамашалап қана қоймай, бір-бірімен жақынырақ танысып, арқа жарқа болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24kz-ке сілтеме жасап.

Шетелдіктер киіміндегі қазақы ою өрнек, зергерлерінің әшекей бұйымдары, қара домбыра, арасын мұхиттар бөліп жатса да, бала күнгі досын көргендей қуанып, қауышып жатқан жұрт. Бұл қауым кешке басталатын концерттің алдындағы арнайы шараға жиналып, Қазақстан мен қазақ мәдениетін басты тақырып етіп отыр. Себебі Германияның сән әлемінің астанасын өзінің ән әлемінде бүгін Димаш Құдайберген тербейді.

Мен Димашты 2020 жылдан бері білемін. Сол арқылы Қазақстан жайлы біле бастадым. Содан 2022 жылы Алматыға саяхаттап барып, концертіне қатыстым. Қаншама елде болып жүрмін ғой, бірақ Қазақстаннан асқан қонақжай елді көрмеппін. Тіпті әуежайдан түсе салғандағы шекаралық тексерістегі мамандар да жылы жүзді кісілер екен. Бай мәдениет, көркем табиғат, Димаштың таланты, бәрі ерекше есте қалды, - дейді Димаштың малайзиялық жанкүйері.



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға