Димаш Құдайберген Алматыда алғаш рет жеке концерт береді
Бұл туралы Dimashnews сайты хабарлады
Фото: liter.kz
Фото: liter.kz
01.07.2022 12:22
3163
2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматыда Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты концерті өтеді, – деп хабарлайды El.kz порталы Dimashnews сайтына сілтеме жасап.
Димаш көптен күткен жаңа концертін Қазақстанның оңтүстік астанасы – Алматыда алғаш рет өткізеді.
Әнші қымбатты тыңдармандарымен туған жеріндегі кездесуді асыға күтеді. Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт нысандарының бірі – Алматының Орталық стадионында өтеді.
Билет сатылымының басталғаны туралы ақпарат Димаш Құдайбергеннің ресми жаңалықтар порталы DimashNews.com сайтында жарияланады.
Қосымша сұрақтар бойынша press@dimashnews.com электрондық поштасына хабарласуға болады.
Бөлісу:
