Димаш Құдайбергенов жанкүйерлерін бірнеше жақсы жаңалықпен қуантты
Қазақтың біртуар әншісін кеше Рим Папасы Франциск медальмен марапаттады
Фото: ТАСС
Фото: ТАСС
15.09.2022 17:17
2300
Димаш жанкүйерлерін осы аптада бірнеше жақсы жаңалықпен қуантты, деп хабарлайды El.kz.
Қазақтың біртуар әншісін кеше Рим Папасы Франциск медальмен марапаттады. Бұл қуанышымен әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Сондай-ақ, Димаш осы аптада “Бір аспанның хикаясы” атты бейнебаянының тизерін жариялады. 12 минуттық туындыны шығару үшін әнші үш жыл еңбектенген. Бейнебаянның мәні - адамзатты бірлікке шақыру.
Димаштың өзі: “Бұл - “ең қымбат клип””,- дейді. Ал жексенбі Димаш Құдайбергенов Лас- Вегастағы T-Mobile аренасында Қазақстанның әнұранын шырқайды. Бұл күні осы рингте жерлесіміз Геннадий Головкин Сауль Канело Альвареспен кезекті кездесуін өткізеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елімізде АЭС құрылысы жобасын іске асыру басталды