Жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің жаңа туындысы жарыққа шықты

Димаш Құдайбергеннің жаңа туындысы жарыққа шықты
Фото: © Dimashnews.com 25.05.2023 05:14 816

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Өмір» атты жаңа музыкалық композициясын жарыққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін айтылғандай, Димаш жаңа туындысының тұсауын 24 мамыр – өзінің туған күнінде кесті.

«Өмір» – Димаш Құдайбергеннің терең де әсерлі композиторлық туындысы. Онда әртіс өз-өзімен іштей монолог жүргізіп, өмірді кезең-кезеңге сұрыптап, сол туралы әңгімелейді, - делінген әншінің жеке сайтында.

Бейнебаян MOOD video жанрында түсірілген.

«Өмір» – әуені де, сөзі де менің ішкі дүниемнен алғаш шыққан туынды. Менің туған күніме арналған шығарма. Оны су бетіндегі алапат толқындарға, ызғарлы дауылға қарсы тұруыма ықпал еткен барша тыңдарманыма арнаймын. Бұл туынды менің өмірім туралы, – деді Димаш.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға