Жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің шоуы Лондонда өтеді

Димаш Құдайбергеннің шоуы Лондонда өтеді
Фото: instagram.com/dimash.news 14.03.2025 00:19 746

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген биыл Лондондағы жанкүйерлерімен қауышады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің жаңа концерті өтетінін жариялады.

2025 жылы 12 қарашада Лондондағы OVO ARENA WEMBLEY-де STRANGER шоуы өтеді. Димаш өзінің бұрыннан келе жатқан және жаңадан қосылған жанкүйерлерін қуанту үшін концертке арнайы жаңа композициялар дайындап жатыр, - делінген мәліметте.

Ал билеттерді алу үшін тіркеу 14 наурызда басталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға