Димаш Құдайберген жерлестерінің "орынсыз" сынына жауап берді

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
16.04.2025 12:30
417
Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазақстандықтар оның "История одного неба" атты жаңа хитін қызу талқылап жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы ол 15 сәуірде Instagram парақшасында жазды.
Барлығына сәлем. Бүгін әлеуметтік желілерде менің жерлестерім "История одного неба" атты шығармамды қызу талқылап жатқанын білдім. Мынадай сөз бар – егер сен жайлы әзілдесе, бұл сенің тірі екендігіңді және оларға қызықты екеніңді білдіреді. Құрметті жерлестер, шығармашылық әзілдер мен назарларыңыз үшін рахмет – тіпті бұл күтпеген формада болса да. Ал, менің әлемдегі қымбатты жанкүйерлерім сіздерге мені қорғағандарыңыз үшін рахмет айтамын. 26 мамырда Алматыда D&Dears-те кездескенше,- деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда қанша ҰОС ардагері қалды?