Жаңалықтар

Димаш Құдайберген жас скрипкашыны Қазақстанға шақырды

Димаш Құдайберген жас скрипкашыны Қазақстанға шақырды
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash 29.01.2024 11:35 828

Қазақстандық әнші әрі музыкант Димаш Құдайберген Instagram-да өзі әділқазылар алқасында отырған Будапешттегі «Виртуоздар» байқауынан үзінді жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Димаш жас орындаушылардың дарыны мен өнеріне таңданысын жасыра алмай, олардың бірін - словакиялық скрипкашыны Қазақстанға да шақырды.

Оқырман қауым Димашты музыка мен мейірімділіктің амбассадорына теңеп жатыр.

Димаш ерекше талант иесі ғана емес, ол жүрегі махаббатқа толы жан. Оның жастарға айтқан тілектері орындалса екен!

Барлық балалар дарынды, ал сен музыка, бейбітшілік, достық пен өзара түсіністіктің нағыз амбассадорысың, - деп жазды жанкүйерлер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға