Димаш Құдайберген Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
10.04.2024 22:31
599
Бүгінде ұландықтар елдегі күрделі жағдайға байланысты күн-түн демей халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін күресіп жатыр. Осы орайда барша әлемді тамсандырып жүрген әнші Димаш Құдайберген Ұлттық ұлан жауынгерлеріне өз алғысын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда ұландықтардың атқарып жатқан еңбегі орасан зор. Халқымыздың тыныштығы мен қауіпсізді үшін барын салып қызмет атқару – ол да бір ерлік десем, артық айтқаным емес. Ұландықтардың бұл ерлігі ел есінде мәңгі қалады, – деді Димаш Құдайберген.
Халықтың қалаулысы Димаш та игі істен шет қалмай, туған жері Ақтөбеге сапар жасап, қайырымдылық қорына 15 млн теңге аударды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алатау қаласын дамыту мәселесі талқыланды