Димаш Құдайберген TEDxGateaway конференциясына қатысады
Бұл туралы dimashnews.com мәлім етті
Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com
14.11.2022 09:44
1327
18 қарашада Димаш Құдайберген Азиядағы ең үлкен және ауқымды фестиваль TEDxGateway-ге қатысады. Конференция Үндістанның Мумбай қаласындағы NCPA кешенінде (Тата театры) өтеді, деп хабарлайды El.kz
TEDxGateway – тәуелсіз ұйымдастырылған TED іс-шарасы, әлемдегі ең шабытты ойшылдардың тегін білімдері мен түсініктерін ұсынатын клиринг орталығы.
Конференция спикерлері – маңызды идеялармен бөлісу үшін жиналатын көрнекті тұлғалар, әлемдік көшбасшылар, ғалымдар, дизайнерлер, IT мамандары, философтар, музыканттар, министрлер кабинетінің мүшелері, Нобель сыйлығының лауреаттары.
Жиынға 1 300-ден астам адам қатысады және оны бүкіл әлем бойынша 50 000-нан астам адам тікелей эфирде көреді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бүгін көктайғақ болып, жел күшейеді