Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Сербия халқын тамсандырды

Димаш Құдайберген Сербия халқын тамсандырды
Фото: © El.kz 12.07.2024 11:34 927

Димаш Құдайберген Сербияда танымал түркиялық диджей Бурак Йетермен бірге өнер көрсетті. Бұл видеоны Халық әртісі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Димаш Сербияда музыкалық фестивальде өнер көрсетті. Оның қасында диджей әрі продюсер Бурак Йетер болған. Өнер иесі «Weekend» деп аталатын ортақ туындысын орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Қазақстандық әртісті сахнаға шақырарда, Йетер оны «әлемнің үздік дауысы» деп атады.

Рахмет, Сербия! Керемет түн болды, - деп жазды Димаш.

Өнер иесінің оқырманы да оған мақтауды жаудырды.

«Бұл ән көңіл күйді көтереді екен. Оның үстіне әнді мұндай сыбатты жігіт орындаса», «Димаш, сен үшін қуаныштымын», «Біз ұйықтамай сіздің өнеріңізді күттік», «Бәрі керемет болды», «Сен - ғажапсың», - деп жазды оқырман.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға