Димаш Құдайберген Президентпен бірге ұшақта түскен фотосын жариялады

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
20.05.2023 02:18
973
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен ұшақтағы үстел басында отырған фотосын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көк аспанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен әңгімелесіп отырған сәт! Мазмұнды іссапардан естелік!, - деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген ҚХР-дың Сиань қаласында өткен «Орталық Азия – Қытай» саммитінде Орталық Азия елдері басшылары және Си Цзиньпиннің алдында өнер көрсетті.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды