Димаш Құдайберген президент сыйлаған тазыны көрсетті

Отандық танымал әнші Димаш Құдайберген Қазақстан президенті сыйға тартқан тазыны көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі суретті Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Ол бұл тазыны бірнеше ай бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлағанын еске салды. Ал Димаш оған Ғарышкер деп ат қойған.
Осыдан бірнеше ай бұрын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тазы сыйлап, ерекше тарту жасаған еді. Оған «Ғарышкер» деп ат қойып, содан бері сенімді серігіме айналған болатын. Жеті қазынаның біріне саналатын тазыны қазақ халқы қадірлей білген, - деп жазды Димаш.
Әнші Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен де құттықтап өткен.
Осындай тамаша, баға жетпес қазынаны тарту еткен ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сізге елге қызмет істеу жолында қажымас қайрат, күш-қуат тілеймін! Сізге шын жүректен зор денсаулық, сарқылмас қуат және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін. Ел болашағы жарқын болсын! – деді өнер иесі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
