Жаңалықтар

Димаш Құдайберген көпшілік назарына жаңа әнін ұсынды

Димаш Құдайберген көпшілік назарына жаңа әнін ұсынды
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash 17.10.2024 13:35 129

Қазақстанның халық әртісі, танымал отандық әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы тыңдарманын қазақ тіліндегі жаңа лирикалық әнімен қуантты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Димаш композитор Қайырғали Қожанбаевтың «Ризамын тағдырға» әнін орындады. Видеодан өнер иесінің сарғайған ағаштардың арасында қоңыр түсті пальто киіп, қолына қолшатыр ұстап тұрғанын көруге болады.

Достарыма керемет экспромт видео үшін алғыс, аранжировка үшін ерекше Ренат Гайсинге және Ерлан Бекчуринге алғыс, - деп жазды ол.

Ал әншінің тыңдармандары әдеттегідей оның туындысына жоғары баға беріп, сәттілік тілеген. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға