Димаш Құдайберген ерекше образымен тыңдармандарын тәнті етті

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
11.10.2023 10:15
2097
Атақты әнші Димаш Құдайберген АҚШ-та бейнебаян түсіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әнші Instagram-дағы аккаунтында Лос-Анджелесте жаңа әнге арналған клип түсірілімінің бекстейджімен бөлісті. Димаш Құдайберген этно стильдегі шапан киіп, өзгеше образ жасаған.
Лос-Анджелесте жаңа әнге бейнебаян түсіріп жатырмыз. Баршаңызға сәтті күн тілеймін", - деп жазды Димаш видеоның астына.
Бейнежазбаның астына әлемнің әртүрлі тілдерінде екі мыңнан астам пікір жазылған. Әлеуметтік желі қолданушылары әншінің жаңа туындысы жарыққа шығатын сәтті тағатсыздана күтетінін жазған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
