Димаш Құдайберген арқылы қазақ халқының мәдениетімен таныспын - қытайлық блогер
![Димаш Құдайберген арқылы қазақ халқының мәдениетімен таныспын - қытайлық блогер Димаш Құдайберген арқылы қазақ халқының мәдениетімен таныспын - қытайлық блогер](/storage/storage/element/2025/02/09/mainphoto/141744/1200xauto_iDaemEugprrcWXHtuUdRLrW5Fiyp0RAyvvGmcVHm.png)
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
09.02.2025 16:43
506
Қытайлық Li Yimei есімді танымал блогер отандасымыз, әйгілі өнерпаз Димаш Құдайбергенмен қалай танысқаны, бір бағдарламада жұмыс істегені және оған Димаштың не сыйлағаны туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бәріңізге сәлем! Менің есімім — Li Yimei. Мен Димашты өте жақсы танимын және ол Қытайда өте танымал әнші. Өйткені Димаш Қытайдағы музыкалық телешоулар мен бағдарламаларға жиі қатысады. Ол керемет әнші және оны көптеген адам жақсы көреді.
Мен Димаш қатысқан, күзгі фестивальге арналған телебағдарлама жасау құрметіне ие болдым. Бағдарлама кезінде біз көп әңгімелесіп, бір-бірімізді жақынырақ таныдық. Ол тіпті маған қазақтың ұлттық аспабы — домбыраны сыйлады.
Сүйікті досымыз Димаш Құдайбергеннің арқасында мен қазақ халқының мәдениетімен таныспын, - деді ол.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты
Келесі жаңалық
Шымкентте судья 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды