Димаш Құдайберген әлемдік деңгейдегі композитормен жазған туындысын ұсынады

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Грэмми сыйлығының екі дүркін иегері, әлемге әйгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Димаш Құдайберген туындысын 7 наурызда барлық музыкалық платформада жарияланады. Ал бейнебаян Димаш Құдайбергеннің YouTube арнасына шығады. Әлемнің көптеген елінде тректің релизі мен «Love’s not over Yet» музыкалық бейнебаянының премьерасы күтілуде.
Уолтер Афанасьевті көпшілік «My Heart Will Go On», Селин Дионның «Титаникке» арналған аңызға айналған әні және Мэрайя Кэридің «All I Want For Christmas Is You» әндерінің авторы ретінде біледі.
- I’m Your Baby Tonight — Уитни Хьюстон
- Without You, Dreamlover — Мэрайя Кэри
- Bleeding Love — Леона Льюис
- She Bangs — Рикки Мартин
- Crash and Burn — Savage Garden
- A New Day Has Come — Селин Дион
- You’re Not From Here — Лара Фабиан
- My Heart Will Go On — Селин Дион
Ол сондай-ақ фильмдер мен мультфильмдерге саундтректер жазды: «Сұлу қыз пен құбыжық», «Аладдин», «Геркулес», «Оққағар».
