Жаңалықтар

Димаш Құдайберген Латын Америкасында концерт өткізуі мүмкін

Бұл туралы өнерпаз әлеуметтік желідегі парақшасында жазды
Димаш Құдайберген Латын Америкасында концерт өткізуі мүмкін
Фото: globalmsk.ru/ 09.09.2022 13:17 1158

Әнші Димаш Құдайберген Латын Америкасында концерт өткізуі мүмкін. Бұл туралы өнерпаз әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz.
«Латын Америкасындағы жанкүйерлеріме, Мексикадағы жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Қала бойынша 600-ге жуық экран арқылы жасаған шақыртуларыңызды қабыл алдым. Бұйырса, сіздер жаққа да ат басын бұрармын. Рахмет!» - деп жазды әнші Instagram бетінде.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мехикодағы метроның медиафасадтарында Димаш Құдайбергеннің Fly Away әніне түсірілген видеосы жарияланды. Ролик апта бойы сағат сайын 576 экранда көрсетілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға