Жаңалықтар

Әділбек екі мәрте есе жіберген қарсыласымен кездеседі

Рио-2016
18.08.2016 10:04 12525

Бразилия астанасы Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында 81 келіге дейінгі салмақта жерлесіміз Әділбек Ниязымбетов ақтық сынға түседі.

Әділбек екі мәрте есе жіберген қарсыласымен кездеседі

Әділбек 2012 жылы Лондон Олимпиадасының, сондай-ақ, Бакуде өткен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері.  

Ал оның қарсыласы жайлы не білеміз? Қарсыласы үш дүркін әлем және екі дүркін Панамерика ойындарының жеңімпазы атақты кубалық боксшы — Хулио Сесар ла Крус Пераса.  Ол 1989 жылы Кубада дүниеге келген (Әділбектің құрдасы).  

Кубалық боксшы 2014 жылы берген сұхбатында «81 келі салмақта менің жалғыз ғана қарсыласым бар. Ол — Әділбек Ниязымбетов. Онымен жұдырықтасу өте ыңғайсыз» деп, Әділбекті өте жоғары бағалаған екен.

Кубалық боксшы осыған дейін WSB сериясының финалында «Astana Arlans» сапында өнер көрсететін Нұрдәулет Жармановпен қолған түйістіріп, қазақстандық боксшыдан басым түскен болатын.

Сондай-ақ, Хулио Сесар Әділбекпен де әлем біріншілігінде екі мәрте жұдырықтасып, екеуінде де жеңіске жеткен.

Екі боксшы да 1989 жылғы.

Екі боксшыға да тек қана алтын медаль керек.

Екі боксшының да физикалық және тактикалық тұрғыда дайындықтары жоғарғы деңгейде.

Екі боксшы да қорғана жүріп жұдырықтасқанды ұнатады.

Әділбек үшін бұл кубалық боксшыны жеңуге берілген үшінші мүмкіндік.


Рустем ӘЛПИ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға