"Дикийдің" қылмысына қылмыс жамалды
Арман Жұмагелдиевті Қаңтар оқиғасына қатысты деген күдікпен ұстаған болатын.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
01.10.2022 07:07
6969
Қылмыстық топтың жетекшісі Арман Жұмагелдиевке («Дикий Арман») жаңа айып тағылды, – деп хабарлайды EL.KZ журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Арман Жұмагелдиевке (Дикий) жаңа айып тағылды. Енді ол 2016 жылдан бері ҰҚК бесінші басқармасының бұрынғы бастығы Руслан Ысқақовтың бақылауында болған қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікке ілінді, – деп жазды Козачков.
Айта кетейік, 7 қаңтарда Алматы полицейлері «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті Қаңтар оқиғасына қатысты деген күдікпен ұстаған болатын.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Зеленский Украинаның НАТО-ға кіру туралы өтінішіне қол қойды
Келесі жаңалық
Қарағандыда Ақсақалдар кеңесінің республикалық слеті өтті