Жаңалықтар

Диетолог күздің басты жемісін атады

Диетолог күздің басты жемісін атады
Фото: © Pixabay.com 06.10.2023 10:08 815

Диетолог Анастасия Кондаурова күзде ас мәзіріне манго қосуға кеңес берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл керемет өнімнің суық мезгілде пайдасы зор. Манго – күздің басты жемісі және оның бірнеше себебі бар, — деп атап өтті маман.

Мысалы, соның бірі — иммундық жүйені қолдау.

Манго С дәруменіне бай, ол вирустар мен бактериялар жиі кездесетін жылдың белгілі бір уақытында денсаулықты жақсартуға негіз болады, — деп түсіндірді диетолог.

Кондаурова терінің күзде де сыналатынын еске салды. Манго терінің ылғалдануына көмектесетін, оның қартаюы мен құрғауына жол бермейтін А дәрумені және басқа антиоксиданттармен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар манго жараны емдеуде пайдасы орасан, бұл әсіресе салқын мезгілде – тері күйзеліске ұшыраған кезде қажет.

Тағы бір маңызды фактор — жемістің күйзеліске қарсы әсері. Себебі манго көңіл күйдің бұзылуына қарсы күресуге қабілетті.

Манго құрамында серотонин, бақыт гормонын өндіруде маңызды рөл атқаратын В6 дәрумені бар. Бұл өнімді үнемі тұтыну энергия деңгейінің төмендеуіне және күйзеліс қаупін азайтуға көмектеседі, - деп атап өтті диетолог.

Сонымен қатар аталған өнім қоректік заттарға бай. Оның құрамында К және Е дәрумендері, калий және магний сияқты көптеген дәрумен мен минералдар бар. Бұл элементтер дененің қалыпты жұмыс істеуі және денсаулықты сақтау үшін қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға