Жаңалықтар

«Диагнозын пайдаланып...». Дана Нұржігіт Алмас Өтешовтен сұхбат алған журналисті сынап тастады

«Диагнозын пайдаланып...». Дана Нұржігіт Алмас Өтешовтен сұхбат алған журналисті сынап тастады
Фото: Коллаж El.kz/instagram: nurseiitzhylkyshybai, dana_nurzhigit 27.08.2024 16:09 2487

Тележүргізуші Дана Нұржігіт Алмас Өтешовтен сұхбат алған Нұрсейіт Жылқышыбайды сынап тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол өзінің әлеуметтік желідге парақшасына бұрынғы ауыр атлетші Өтешовтің диагнозын пайдаланып, сұхбат алғанын айтты.

Мұны тектілік дейді. Кеше ғана Ильяның атына кір келтіретін әңгіме айтып отырған досын тауып, емдетіп, жағдайын түзеуге барын салып жатқан Ильяға шын риза болдым. Болар елдің баласы бірін бірі батыр дейді. Осы жерде менің қояр сұрағым тек «Уақыт көрсетеді» жобасының авторына ғана. Нұрсейіт Жылқышыбай, ауыр диагноз - алкоголизмге он жылдан бері шалдыққан адамды сөйлетіп, суыртпақтап лас әңгімеге тарту моральдық этика тұрғысынан қаншалықты дұрыс? Қауқарсыз жағдайдағы адамның әлсіздігін пайдалану емес пе?! Жазбамды түсіну үшін алдымен Алмас Өтешовтың Жылқышыбайға берген сұхбатын көріңіз, - деп жазды ол.

Айта кетейік, Алмас Өтешовтің сұхбатынан кейін досы Илья Ильин іоның шімдікке әбден салынып кеткенін айтып, емдетуге кіріскен еді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға