Жаңалықтар

Дейл Карнегидің көшбасшылық туралы ойлары

Америкалық психолог Дейл Карнегидің әркезде айтқан ойлары!
25.07.2014 06:35 16073

Америкалық психолог Дейл Карнегидің әркезде айтқан ойлары!

Дейл Карнегидің көшбасшылық туралы ойлары

1. Мақтау мен әділ бағалаудан бастаңыз.  Егер жұмыс күнін қызметкерлеріңіздің жұмысын мақтаудан бастасаңыз, адамдардың көңілін көтересіз. Осының арқасында қызметкерлер жұмыс сапасын одан да жоғарылатуға ұмтылады.

2. Қателіктер жөнінде бетпе-бет кездесіп айтыңыз. Сын бетпе-бет әңгімелесуде көбінесе жақсы қабылданбайды. Ал егер сіз адамды көпшіліктің алдында сынасаңыз, ол тек оған ыңғайсыздық туғызып қана қоймай, Сізді қатал, түсіне алмайтын адам ретінде көрсетеді. Сынды тек бетпе-бет қана айту керек. Осындай жағдайда ғана қысылмай сөйлесуге болады. Сонымен қатар, сын сыпайы түрде айтылу керек.

3. Бір адамды сынаудың алдында, өз қателіктеріңіз туралы айтыңыз. Егер басқа да адамдардың кателесетіні жайлы білгенде,  жетілу үшін адамға оңайға түседі. Бұл Сізді адамгершілігі бар, сенуге болатын адам ретінде көрсетіп, қызметкерлерді Сізге құлақ асуды мәжбүрлейді.

4. Бұйрық берудің орнына, идеяларды әкелетін сұрақтарды қойыңыз. Егер адам өз идеясын іске асырса, ол одан да жақсы жұмыс істейді. Ал егер біреудің тапсырмасы болса, ол оны тек жай орындау үшін ғана істейді.

5. Компаниядан кететін адамның абырой-беделін сақтауға көмектесіңіз. Адамнның компаниядан жай ғана шығып кетпей, бағалы қызметкер ретінде кеткендігі жақсы. Бұл, қызметкерге абыройын сақтауға көмектеседі. Сондықтан да жұмыстан шығып кеткен қызметкерлерге түсіністікпен қараңыз.

6. Кішігірім жетістігі үшін де мақтаңыз. Жұмыстың әрбір кішігірім жақсаруын байқасаңыз бұны мақтап, жақсы сөз айтқаныңыз жөн. Бұл қызметкерді жігерлендіріп, істеген ісін одан да жақсы көруге алып келеді. Жұмысты одан да жақсы істеу үшін қанаттандырады.

7. Басқа адамға жақсы абырой-бедел беріңіз, ол осыған лайықты болу үшін талаптана бастайды. Қызметкерге оның бойындағы қырлары компанияға қажет туралы ой салыңыз. Бұл қырлардың оның бойында болса да, болмаса да. Егер қызметкерде осындай сенім пайда болса, ол жұмысын одан әрі жақсартып, осы қырлар оның бойында пайда болады.

8. Қателікті  түзету  оңай екендігін көрсетіңіз. Жақсы сөздер және қолдау, қателіктерді түзетуді жеңілдетеді. Бұл адамды жігерлендіреді.

9. Сіз ұсынған жұмысты істеу қызметкерлеріңіз үшін  бақыт болатындай жағдайға жетіңіз. Сіздің ұсынысыңыз барлығына тиімді болады деп түсіндіріңіз. Бұл олардың жұмысты одан әрі жақсартуға, жақсы нәтижеге алып келеді. Адамдарды бақытты етсеңіз, Сіз оларға ұнай бастайсыз, осының арқасында олар өз жұмыс сапасын одан әрі көтеруге ұмтылады. Бақытты адамдар көбінесе үлкен жетістіктерге жетеді.

10. Сіз көшбасшы ретінде әріптестеріңізді көшбасшы болуға дайындағаныңыз жөн. Бұны ізбасарыңызды дайындап жүрмін деп ойлаңыз. Егерде Сіз өз жұмысыңызды дұрыс жасасаңыз, нәтижесінде Сіз жоғарылайсыз. Сіздің позицияңызбен не болады? Сіз өз командаңызды дайындағаныңыз жөн. Сіз кеткенде олар өздеріне көшбасшы болуы керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға