Дэвис кубогы: теннистен Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы анықталды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
07.03.2025 16:56
743
Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы қонақта Оңтүстік Кореямен кездеседі. Матчтар 12-13 немесе 13-14 қыркүйекте өтеді.
Нақты күндер мен ойын өтетін қаланы алаң иелері кейінірек анықтайды. Жеңіске жеткен құрама келесі командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады.
Бұл Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы үшінші кездесу болмақ. Қазіргі есеп – 1:1.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Абай облысында 54 жастағы ер адам алғаш рет жеке куәлік алды
Келесі жаңалық
Қазақстандық шпагашылар Венгриядағы Гран-приге қатысады