Дэвис кубогі: Қазақстан мен Дания арасындағы матчтың жеребесі тартылды

Фото: ktf.kz
Фото: ktf.kz
13.09.2024 21:49
619
Астанада Қазақстан мен Дания құрамалары арасында «Дэвис Кубогының» бірінші әлемдік топ бәсекесінің жеребесі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
14 қыркүйекте Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Эльмир Мёллерге қарсы кездесу өткізеді. Ол кортқа бірінші шығып, жарыс бағдарламасын ашады.
Содан соң, кортқа Александр Шевченко мен Август Хольмгрен шығады.
15 қыркүйек күні бағдарламаны жұптық сындағы ойыншылар бастайды: Александр Недовесов / Бейбіт Жукаев және Йоханнес Ингилдсен/Кристиан Сигсгаард.
Кейін екі жеке кездесу жоспарланған - Александр Бублик Август Хольмгренмен шайқасады, ал Александр Шевченкоға Эльмер Мёллер қарсылас болады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ғалия Тынбаева 2-рет гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды
Келесі жаңалық
Елордада кальян ұсынған мекемелерге айыппұл салынды