Деструктивті діни ағымның жақтаушысы есірткімен ұсталды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
12.01.2024 21:26
1414
Жетісу облысында деструктивті діни ағымның жақтаушысы есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу полицейлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департамент қызметкерлерімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Талдықорғанның 33 жастағы тұрғынын ұстады.
Ұсталған адамға тиесілі автокөліктің жүксалғышында өсімдік тектес зат салынған пакет табылған.
Ер адамның деструктивті діни ағымның жақтаушысы екені белгілі. Қазір есірткіні заңсыз сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.
Жүргізілген сараптама тәркіленген заттың салмағы 2 кг 722 грамм марихуана екенін көрсетті.
Оқи отырыңыз:
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қонаевта үйі өртеніп кеткен тұрғындар баспаналы болды
Келесі жаңалық
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды