Жаңалықтар

«Депутаттар МӘМС-ке жалақысының 1%-ын төлейді»: Жаңбыршин жауап берді

«Депутаттар МӘМС-ке жалақысының 1%-ын төлейді»: Жаңбыршин жауап берді
Фото: facebook.com/edilzh 30.01.2025 18:00 205

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин МӘМС-ке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде депутаттар өзгелер сияқты жалақысының 5 емес, тек 1%-ын МӘМС-ке аударатыны туралы ақпарат пайда болған. Бұған қатысты Жаңбыршин де сұхбат берген. Алайда мәжілісмен МӘМС-ке қатысты бұл ақпаратты жоққа шығарып, мәселесінің мән-жайын түсіндіріп өтті.

Кешегі менің МӘМС-ке төлеуге қатысты сұхбатыма байланысты әлеуметтік желіде сұрақтар туындап жатыр екен. Парламент депутаттары да елмен бірге 5% төлейді, оның ішінде 2% жалақыдан, 3% жұмыс беруші тарапынан. «Заң бәріне бірдей ...біз де бірдей төлейміз», - деп айтылды сұхбатымда.

Блогер мырза мені шатастырғысы келді ме, әлде өзі дұрыс білмей ме, хайп қуып жүр ме, онысын білмедім, депутаттар тек 1% төлейді деп ақпарат таратыпты.

Біз, Парламент депутаттары, 5 % төлейміз! – деді Жаңбыршин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға