Жаңалықтар

Депутаттар елордада 100 түп ағаш екті

Депутаттар елордада 100 түп ағаш екті
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі 26.04.2025 13:12 144

Мәжіліс депутаттары мен Палата аппаратының қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара елордалық әкімдік тарапынан жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды.

Мәжіліс депутаттары елордадағы саябақтардың бірін көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Қалалық сенбілік барысында депутаттар қарағай көшеттерін отырғызды. Мұндай іс-шаралар дәстүрге айналды.

«Таза Қазақстан» – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды экологиялық бастамасы. Ол бүкіл ел көлемінде нағыз қоғамдық қозғалысқа айналды. Оның мақсаты – тек аумақтарды тазалау ғана емес, қоғамда таза әрі экологиялық тұрмыс салтын қалыптастыру. Акцияға еліміздің барлық өңірі қолдау көрсетті. Оған жастар, зейнеткерлер, қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлері қатысуда. Бүгін біз депутаттармен бірге өз үлесімізді қосып, астанамызда ағаштар отырғыздық, – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

«Таза Қазақстан» жобасы Президенттің бастамасымен бір жыл бұрын басталды. Қаланы көгалдандыруға бағытталған бұл науқан Астанада «Жасыл аймақ» деген атаумен өтуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға