Депутат Нұртөре Жүсіп көк туды қорлаған әншілердің әрекетін сынады
02.06.2022 14:28
2060
Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутат Нұртөре Жүсіп сахнада ерсі қылық көрсетіп, туды келемеждеген әншілерге тиісті жаза беру керек деп есептейді. Бұл туралы ztb_kz-тің әлеуметтік парақшасында жазылды.
«Сахнада әдепсіз анайы сөздер сөйлеп, артынан кешірім сұрап айыппұл төлеу жауапкершіліктен жалтару деген сөз. Мәдениет және спорт министрлігі жауапкершілік жүгін сезіне ме?! Еркіндікті ессіздікпен алмастыруға болмайды. Оларға тиісті жаза қолдану керек»,- дейді депутат.
Мемлекетті туды аяқасты еткен бұл оқиға Алматы қаласында өткен концерт барысында болғанын еске сала кетейік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға