Жаңалықтар

Депутат ұрланған активтерді елге қайтарумен айналысатын комитет жұмысын сынға алды

Депутат ұрланған активтерді елге қайтарумен айналысатын комитет жұмысын сынға алды
Фото: t.me/mazhilis_kz 06.12.2023 12:27 1265

Депутат Ермұрат Бәпи заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөнінде бас прокурор мен активтерді қайтару жөніндегі комитет төрағасына депутаттық сауал жолдап, комитет қызметін сынға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, президент жарлығымен құрылған комитетке кеше екі ай болған. Екі айдың ішінде комитеттің іс-әрекеті жөнінде тырс еткен хабар әлі жоқ.

Комитеттің қызметінен қазақстандық қоғам мақұрым. Сондықтан активтерді қайтару жөнінде заң қабылдаған депутаттар Асылов пен Сүйіндіков мырзалардан мына сұрақтардың жауабын білгісі келеді. Ел президенті белгілеген тапсырмаларды орындау бағытында комитет қандай күштік құрылыммен жұмыс істеп жатыр? Бүгінде комитеттің құрамында қанша қызметкер бар? Еске салайын, президент алғашында комитеттің штаттық саны 130 адам деп белгілеген еді. Комитеттің шетелдік юрисдикциялармен, халықаралық іздестіру бюроларымен жұмыс істейтін бөлімінде қанша қызметкен жұмыс істейді? Осы өткен екі айдың ішінде елге қайтарылған активтер бар ма? Болса, оның көлемі қандай? – депутат.

Сондай-ақ мәжілісмен «Соңғы бір ашық ақпаратқа қарағанда, сіздер Жәмішевтің «Қазақстан халқына» қорына бұған дейін түскен 850 миллиард теңгені малданып отырған жайларыңыз бар сияқты», – деді.

Ұрланған активтерді елге қайтарады деп, біз сенім артқан комитет ырғалып-жырғалып жүргенде, «Ескі Қазақстанның» өзі бірте-бірте елге қайта бастаған сыңайлы. Берік Ноғайұлы, Тимур Құлыбаевтың атжалмандары ұрлаған акивтер жөніндегі ақпаратты сіздің өзіңізге қосымша жолдап жіберемін (көрсету). «СК Петролиум» серіктестігінен келіп түскен «Қазақстан-Қытай мұнай құбыры» концорциуымынан (директоры Талғат Жұмаділдаев пен оның ұлы Абылай Жұмаділдаевқа қатысты) ұрланып, шетелге тығылған 300 млн доллар активті іздеп қиналмайтын боласыздар! Жылыстатылған активтерді қайтару заңын қабылдаған депутаттардың алдында сіздер қашан есеп бермек ойларыңыз бар? – деп Ермұрат Бәпи сауал жолдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға