Жаңалықтар

Депутат Ұлттық пантеонның атауын өзгертуді ұсынды

Депутат Ұлттық пантеонның атауын өзгертуді ұсынды
Фото: © El.kz 21.08.2023 14:40 913

Астана мәслихатының төрағасы Ерлан Қанәлімов БАҚ өкілдерін пантеонның айналасында шу көтермеуге шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, пантеонда төрт қана орын қалды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Төраға мәліметінше, онда 40 орын бар, себебі жоба әлі аяқталмаған.

Дегенмен бұған дейін Қанәлімовтің өзі орынның аздығы үшін уайымдайтынын жеткізген болатын.

Құдай сақтасын, егер ертең қыста белгілі мемлекет қайраткері қайтыс болса, бәріміз орын таппай қаламыз, - деген болатын.

Ал қазір төраға пантеонның атауы ұнамайтынын айтты.

Бұл рас. Пантеон – грек тіліндегі сөз, «Барлық құдайдың шіркеуі» деп аударылады. Бұл шіркеу кімнің бастамасымен салынғанын бәрі білетін шығар, - дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға