Жаңалықтар

Депутат СҚО-да төтенше жағдай жариялауды сұрады

Депутат СҚО-да төтенше жағдай жариялауды сұрады
Фото: El.kz 19.09.2023 19:20 1347

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров СҚО-да астық сапасы нашарлауына байланысты төтенше жағдай жариялауға негіз бар екенін алға тартып, вице-министрден министрлік ТЖ жариялауға неге қорқып отырғанын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдай ТЖМ-нің бұйрығымен жарияланады. Біздің министрліктің ТЖ жариялауға өкілеттігі жоқ. Маңғыстау облысында төтенше жағдай жарияланған кезде әкімдік жариялады. Шығындар төленді. Жамбыл облысында да солай. Егер жариялаймыз десе, облыс әкімдерінің өз қолында тұр. Сол себепті оны АШМ-ге ысырудың қажеті жоқ,- деді Әбілқайыр Тамабек.

Бұған дейін АШМ министрі Айдарбек Сапаров СҚО-да ТЖ режимін енгізудің қажеті жоқ екенін айтты.

Олар үшін барлық жағдайлар мен көмек жасалады. Фермерлерге несиелерді, субсидиялар бойынша борыштық міндеттемелерді, дизель отынының бағасын өтеу мәселесіне көмек көрсетіледі, - деді министр.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы “елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төніп тұр ма?” деген сұраққа жауап берді. Ол Қазақстанға азық-түлікке ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін қорлар жеткілікті деп сендірді.

Әкімдіктердің мәліметінше, астық өнімінің болжамы – шамамен 16 млн тонна, оған қоса 3 млн тонна-былтырғы қалдықтар, барлығы-19 млн тонна. Яғни, біз ішкі қажеттілікті толығымен қамтамасыз етеміз. Бірақ экспорттық әлеует аздап төмендейді. Бірақ біз дәстүрлі нарықтарымызды сақтаймыз, - деді Сапаров.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңа басшысы нанның бағасы жыл соңына дейін көтерілмейтініне кепілдік бере алмады. Министрдің айтуынша, нанның құнына көптеген факторлар әсер етеді.

Қазір нанның құны 92 теңгеден жоғары. Мен жаңа министр ретінде енді ғана жұмыс істей бастадым. Көптеген факторлар бар, 100% кепілдік беру қиын", – деді Сапаров.

Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы биыл егін жинау қарқыны екі есе төмендегенін айтқан болатын. Ұзақ жауған жаңбырдың салдарынан астық сапасы да өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда нашарлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға