Жаңалықтар

Депутат: Қорғаныс министрлігі әскерге шақыруды реформалау үшін қанша адам мүгедек болу керек?

Депутат: Қорғаныс министрлігі әскерге шақыруды реформалау үшін қанша адам мүгедек болу керек?
Фото: instagram.com/modgovkz 20.04.2023 11:31 1730

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Наурыз Сайлаубай Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскердегі әлімжеттікке байланысты сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 Өз елінің патриоты болу, әскерге барып, еліне қызмет ету – кез-келген әскерге жарамды азаматтың міндеті. Алайда бейбіт күнде әскерде қаза тапқандар, мертіккендер жиілеп барады. Арасында әскерге шақырылып, 10 күн ішінде жұмбақ жағдайда қаза тапқандарда бар, - дейді депутат.

Ол нағыз ер болуға тәрбиелейтін азаматтар үйіне есінен адасып, бірі сал болып, бірі табытқа оранып қайтып жатқандарды айтты. Қыршын кеткен бозақтардың өлімі жұмбақ күйінде қалып жатқанына күйзелісін білдірді.

Мысалы, Қызылордалық мерзімді қызметтегі сарбаз күтпеген жерден психиатриялық ауруханаға түскен, ал Жамбыл облысында әскери қызметші біреудің үйіне себепсіз кіріп, әйел адамдарды ұрып-соққан немесе аталмыш облыста борышын атқарып жүрген сарбаздың өлімі. Оған қоса, жастардың көбісі Отан алдында борышын атқарғысы келмейді, тіпті бармау үшін түрлі жемқорлық жолдарымен өтірік анқтамаларда жаздыртып, заңға қайшы әрекеттерге барып жатыр,- деді Наурыз Сайлаубай.

Ол балаларының заңсыз әрекеттерін ата-аналары да көріп отыр және оны қолдайды деп айтты. Өткені, бірнеше рет әскери қоймалардағы болған жарылыстарды, жарғыға қарсы іс-әрекеттер, әскери қызметкерлердің өлімі мен қайғылы оқиғаларды көріп ұлдарын әскерге жіберуге қорқады. Болып жатқан жағдайлар халық тарапынан қорғаныс саласына деген сенімінің төмендеп жатқанын және жастардың әскерге деген қызығушылығының азайғанын көріп отырғанын айтты. 

Медициналық тексеруден таза болып өткен сарбаз, әскерде зорлық-зомбылық көріп, денсаулығына байланысты бір кінәраттар пайда болып немесе белгісіз себептерден дүниемен қош айтысуда. Халықтың әскердегі әлімжеттік пен сарбаздар арасындағы суицид оқиғалары туралы естіген жұрттың жағасын ұстатып жатқанын жеткізді.

Қазақстан халықы арасындағы суицид деңгейі бойынша еліміз  әлемнің 20 елінің қатарына, ал жасөспірімдер арасында алғашқы үштікке кіреді. Құқықтық статистика комитетінің 2018-2022 жылдардағы нақты ресми деректері бойынша, елде 17 631 суицид фактісі тіркелді. Ал 21 332 адам өзіне қол салуға әрекет жасаған. Оның ішінде 86 суицид және 20 өзіне қол салу әрекеті әскерде болды. Бұл ресми ақпарат, ал бейресми ақпарат бойынша бұл сан екі есеге көбеюі мүмкін, - дейді депутат.

Мәжілісмен 2022 жылы әскерге шақырылушылар саны 2 мыңға артып, мерзімді қызметтегі сарбаздар саны 35 мыңға жетті. 14 мыңнан астам адам Қарулы күштерге шақырылды. Мерзімді қызметтегілердің қалған бөлігі, яғни, 13 мыңы, Ұлттық ұлан, 8 мыңы – басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарын толықтырды. Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру жүйесін реформалаумен айналысуы үшін тағы қанша жас азаматтар, мүгедек болуы керек деп сұрақты төтесінен қойды.

Еліміздің экономикасын көтереміз деп жүріп, идеологиялық жұмыстарды ысырып қойғанымыздан туындап отырған жағдай. Тәуелсіз ел үшін ең маңызды нәрсе – ол еліміздің қауіпсіздігі екенін бәрі біледі. Әлемдік аренадағы мемлекеттердің мықтылығы ғылым, мәдениет, экономикамен қатар, әскери күшпен де өлшенетіні бәріне мәлім, - дейді Наурыз Сайлаубай. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға