Депутат Маңғыстау облысындағы жағдайға байланысты құрылған Үкіметтік комиссия жұмысын сынады

Фото: t.me/mazhilis_kz
Фото: t.me/mazhilis_kz
31.05.2023 12:03
1102
Маңғыстау облысындағы жағдайды реттеуге арналған Үкіметтік комиссия нәтижелі жұмыс атқара алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осылай деген Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев премьер-министр Әлихан Смайыловқа сауал жолдады. Мәжілісменнің айтуынша, бұған өңірде жиі-жиі туындап отырған әлеуметтік наразылықтар дәлел.
Осы орайда Мұсабаев Үкімет деңгейінде Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешуге арналған арнайы Үкімет комиссиясын құруды ұсынды.
Үкіметтік комиссия Маңғыстау облысында қордаланған барлық мәселені анықтап, тиісті шешімдер қабылдап, нақты нәтижелерге қол жеткізуі қажет, - деді депутат.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Отандық мультфильмдердің қатарын арттыру керек – мәжілісмен
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды