Депутат концерт кезінде Akon-ға іш киімін лақтырған жастарды сынға алды
Депутат Akon-ды ұлттық киіммен қарсы алып, домбыра сыйлаған ұйымдастырушыларды сынға алды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай ұлттық құндылықтарды табанға таптауға жол бермеу керектігін алға тартты. Сондай-ақ қазіргі жастар ұлттық тәрбие өнегесінен ажырап бара жатқанына алаңдайтынын айтты.
Астанада өткен Akon-ның концертіне байланысты бірнеше аспектлерге тоқталайын. Біріншіден, концерт кезінде жанкүйер жастар әншіге іш киімін лақтырып, төмен моральдық мінез-құлық көрсетті, еліміздің беделіне нұқсан келтірді. Екіншіден, ұлттық өзегі әлсіз, өзгені пір тұтқыш жастар әндердің контекстінде байқалатын гендерлік кемсітушілік мәселесін, қыздардың намысын, абыройын қорлайтын теріс мазмұнын аңғармай есі кетті. Үшіншіден, «smack that» әнінің мәтінінен эротикалық сипаттағы нәпсіні қоздыруға итермелейтін, сананы лайлап, тәрбиеге теріс әсер ететін қауіпті мазмұнды аңғарамыз, – деді депутат.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл ретте, депутат мәдениет және ақпарат министрлігі шетелден елімізге кіретін мәдени өнімдерге, гасрольдік сапармен келушілерге қойылатын нақты талаптар жиынтығын әзірлеу керек екенін айтты