Депутат Базарбекке тиесілі бесік арбаны өртеген адам ұсталды
Фото: facebook.com/bbazarbek
Фото: facebook.com/bbazarbek
11.09.2023 09:51
794
Алматыда Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің отбасына тиесілі бесік арбаны өртеп жіберген адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Базарбек әлеуметтік желіде мәлімдеді. Депутаттың сөзінше, қаскөй ізін суытпай ұсталған.
Қаскөйдің жеке басы анықталды, ол ұсталды, - деп жазжы мәжілісмен.
Әзірге өзге мәлімет жоқ.
Бұған дейін Бақытжан Базарбек белгісіз біреулер отбасына қоқан-лоқы көрсетіп, бесік арбаны өртеп жібергенін айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға